Текст
10.06.2026
Бүгін мектебіміздегі жазғы «Айгөлек» алаңы өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында балалар қызықты демалып, түрлі ойындар мен танымдық шараларға белсене қатысты. Әр күн қуанышқа, жаңа достыққа және жарқын әсерлерге толы болды. Алаңның соңғы күнінде белсенділігімен, өнерімен және тапқырлығымен ерекшеленген оқушылар марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Жазғы «Айгөлек» алаңының жабылу салтанаты мерекелік көңіл күйде өтіп, барлық қатысушыларға ұмытылмас естеліктер қалдырды. Балаларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын жазғы демалыс тілейміз!
