Текст
09.06.2026
Бүгін жазғы «Айгөлек» алаңы лагерінде көңілді әрі әсерлі «Әнші балапан» байқауы өтті. Байқауға барлық балалар белсене қатысып, өздерінің ән айту өнерлерін көрсетті. Әр қатысушы сахнаға шығып, әсем әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Балалар өздерінің таланттарын танытып, шығармашылық қабілеттерін паш етті. Байқау өте қызықты өтіп, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге ие болды. Барлық балаларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!
