Текст
5-8 сыныптармен «Темекіден аулақ бол, жас ұрпақ!» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру; Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Темекінің зияны туралы бейнежазба мен слайд көрсетілді. Кейін темекінің зиянын іс жүзінде көрсету мақсатында эксперемент көрсетілді.