"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Рамадан ауылының негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная школа села Рамадан отдела образования Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Құстар біздің досымыз"2-3 сынып оқушыларының сынып сағаты

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.

Мақсаты:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағұлмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау қарсы алу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.

Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын, көлін- табиғатты сүюге, ақ – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, интерактивті тақта, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.

Барысы: Көрнекіліктер ілініп, музыка ойналып тұрады, оқушылар жайғасады.

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!

« Құстар – біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 9000 мыңға жуық құстардың түрі бар десек, біздің елімізде 500 – дей түрі кездеседі екен. Ал өзіміздің жергілікті жерімізде қыстап қалатын құстар қарға, сұр қарға, торғай, сауысқан, кептер, ала қанат шымшықтар кездеседі.

Жыл құстарын атайтын болсақ қарлығаш, тырна, үйрек, қаз, аққу, нәурізек, көкек сияқты көптеген құстарды білеміз.

Біздің халық ежелден аң – құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі.

Мысалы: Саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.

-Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Ару көктем келді, міне

Самалынан нұр есіп

 

1. Сұрақтарға жауап.

1.Көктем айларын ата? ( наурыз, сәуір, мамыр )

2.Құстар балапандарын қайда өсіреді? ( Ұяда )

3.Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? ( Көкек )

4. Киелі құс? ( Аққу )

5. Ең алғаш шығатын гүл? ( Бақбақ )

6.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? ( Бүркіт )

7. Қандай құстың құйрығы айыр ? ( Қарлығаш )

8.Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? ( 260 рет )

9. Үй құстарын ата? ( тауық, үйрек, қаз, күркетауық )

10.Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды жыл құсы? ( Тырна )

11.Адамдар көктемде қалай киінеді ? ( Жұқа киінеді )

12.Түнде ұшатын құсты ата? ( Үкі )

13.Өз атын өзі шақыратын құс? ( Көкек )

14.Сөйлейтін құс? ( Тоты құс )

15.Наурыз айында ең алғаш ұшып келетін құс? ( Нәурізек )

16.Бейбітшілік құсын ата? ( Көгершін )

17.Орман дәргері? ( Тоқылдақ )

18.Еліміздің рәмізіндегі құс? ( Бүркіт )

19.Бауыры қара, маңдайының үстінде ақ белгісі бар қара құс? ( Қасқалдақ )

20. Әнші құс? ( Бұлбұл )

2.Құстарға арналған тақпақтар айту.

1 оқушы. -Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап, үй салып,

Біз оларды қорғаймыз.

2 оқушы. -Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұртыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын.

3 оқушы. -Білегіндей жас баланың.

Аққудың имек мойыны.

Басады көңіл алаңын,

Жас аққулар ойыны.

4 оқушы.-Үй салдым құстың алдынан

Болсыншы ол өмір панасы.

Өзімдей сәби балдырған

Өссінші құстың баласы.

4. Мақал – мәтел сайысы.

1.Ер жаңылып қолға түсер, Құс жаңылып торға түсер.

2. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

3. Қаз келсе, жаз келер.

4. Сәуір болмай, тәуір болмас.

3. Ал ендігі кезек  бір- біріне жұмбақтарын жасырады.

1. Сайрайды бір талмайды, Әнші құс бұл таңдайлы. ( бұлбұл )

2. Қараңғыда ұшады құбылады, Жарық қөрсе қашады, тығылады. ( жарқанат )

3. Балапанын басатын басқа құс, Бар осындай қасқа құс. ( Көкек)

4. Орманда жоғары Ағашқа қонады, Тұмсығын балға қып Тоқ – тоқ соғады. (Тоқылдақ )

5. Күндіз соқыр недеген Түнде сондай көреген. ( Үкі )

6. Шарлап келіп даланы Үйіме үй салады. ( Қарлығаш )

Қортынды:- Балалар, соншама алыс жерден, қиында қатерлі жолдарды артқа қалдырып, зорға жеткен құстарға қалай көмек көрсетуіміз керек?

- Ия балалар біз ата- аналарымызбен бірлесе отырып жасаған ұяны, жемсауды үзілісте мектеп маңындағы ағаштарға ілеміз. Бұл біздің құстарға жасаған кішкентай көмегіміз болсын.

- Оянып бар табиғат ұйқысынан

Жадырап құтылғандай құс қамынан

Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

-Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық, оларға қамқор болайық. Әр қашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен« Ақ көгершін » әнімен аяқтауды жөн көрдік.

 

Жаңартылған күні: 11.04.2023 11:08
Құрылған күні: 11.04.2023 11:08

Текст