Текст
05.06.2026
Бүгін мектебімізде жоспарға сәйкес «Айгөлек» алаңында таңғы жаттығулар ұйымдастырылып, оқушылар сергіту жаттығуларын орындады. Сонымен қатар балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, қызықты кейіпкерлермен танысып, ертегілердің сиқырлы әлемін тамашалады. Іс-шаралар балалардың көңіл-күйін көтеріп, танымдық қызығушылықтарын арттырды.
