Текст
05.05.2026
Бүгін Жеңіс күніне орай жоспарға сәйкес «Біз батырлар ұрпағымыз» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және батырлар ерлігін ұлықтау. Аталған іс-шараға 1–9 сынып оқушылары қатысып, жоғары белсенділік танытты. Оқушылар соғыс ардагерлерін еске ала отырып, әсерлі суреттер салды. Әр туындыда бейбіт өмірдің қадірі, батырларға деген құрмет пен алғыс сезімі көрініс тапқан. Суреттер мазмұнды, ұқыпты және жүрекке жылы әсер қалдырады. Көрме ұйымдастырушылары оқушылардың шығармашылығына жоғары баға беріп, суреттер көңілдерінен шыққанын атап өтті.
