Текст
30.04.2026
Бүгін мектебімізде 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шара өтті. Бұл мерекеге барлық сыныптар белсене қатысты. Оқушылар әртүрлі ұлт өкілдері болып киініп, олардың салт-дәстүрлерін көрсетті. Әр сынып өз таңдаған ұлтының сәлемдесу үлгісін таныстырып, ұлттық тағамдарын әкеліп, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Шара өте қызықты әрі көңілді өтті, бәрімізге жақсы әсер қалдырды.
Шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін таныстыру, ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайту. Сонымен қатар, оқушыларды сыйластыққа, татулыққа тәрбиелеу және өзге халықтардың ерекшеліктерін құрметтеуге үйрету.
