Текст
30.04.2026
Бүгін Рамадан ауылында «Таза Қазақстан – ұлт болашағы» атты кең ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған игі іске мұғалімдер, ауыл тұрғындары және жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Шара барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаны қорғау мен туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Осындай бірлескен еңбектің нәтижесінде ауылымыз көркейіп, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығы тағы бір мәрте айқын көрінді.
