Текст
16.04.2026
Бүгін жоспарға сай, Кітаптар күніне орай 5–9 сынып оқушылары арасында «Ғылымға апарар жол» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға ақын-жазушылар туралы түрлі сұрақтар қойылып, олардың білім деңгейі мен ойлау қабілеттері сыналды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ойын қызықты әрі тартымды түрде өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау және танымдық қабілеттерін дамыту.
