"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Рамадан ауылының негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная школа села Рамадан отдела образования Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Цифрлық технология мен белсенді оқытудың синтезі"

16.04.2026

Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ  тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы   күрделі тапсырмаларды орындау, цифрлық технологияларды қолдану және сабақта белсенді оқыту тәсілдерін пайдалану» атты аудандық семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарға Ақкөл ауданының 21 мектебінен 30 қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. 
Семинардың мазмұндық бөлімінде өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздар:
 Шеберлік сыныптары мен жаңа әдістер:
Ардабайұлы Бегзада (Рамадан ауылының негізгі мектебі) – «Цифрлық технология мен белсенді оқытудың синтезі»;
Белсенді әдістерді қолданудың тиімді жолдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, заманауи педагогикалық әдістерді сабақ барысында қолданудың маңыздылығын талқылады. Мұндай шаралар ұстаздардың кәсіби біліктілігін шыңдап, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст