Текст
14.04.2026
Бүгін жоспарға сәйкес «Менің отбасым – ертегілер әлемі» атты челлендж өткізілді. Іс-шара барысында әр отбасы өз үйлерінде балаларының сүйікті ертегілерін оқып беріп, бірге қызықты уақыт өткізді. Балалар ертегілерді тыңдай отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, кейіпкерлер туралы пікірлерін айтты. Челлендж балаларға ерекше әсер сыйлап, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйде болды.
