Текст
13.04.2026
Бүгін ағылшын апталығының жабылуына орай мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында барлық сынып оқушылары белсене қатысып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар апталық бойы алған білімдері мен қабілеттерін паш етіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, белсенділік танытып, көзге түскен оқушылардың есімдері аталып, олар арнайы марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Іс-шараға барлық сынып оқушылары толық қатысып, апталықтың жабылуы әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті.
