Текст
09.04.2026
Бүгін ағылшын тілі пәні бойынша 5–9 сынып оқушыларының қатысуымен “Полиглот” интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынға барлық сыныптар белсенді түрде қатысты. Бұл ойын 3 турдан тұрды. Әр турда оқушылар сұрақтарға ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жауап беріп, өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.
Оқушылар “Family” және “Friends” атты екі топқа бөлініп, өзара жарысқа түсті. Әр топ ойын барысында ұйымшылдық танытып, бар күш-жігерлерін салды. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, тілге деген қызығушылықтарын арттырды.
