Текст
06.04.2026
Бүгін жоспарға сай 6–12 сәуір аралығында өтетін ағылшын апталығының ашылу салтанаты “English is the Key to the Future” атты тақырыпта өтті. Іс-шара барысында апталықтың толық жоспары таныстырылып, оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар түрлі ойындарға қатысып, белсенділік танытып, сыйлықтарға ие болды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және еркін сөйлеуге баулу. Апталықтың ашылуы көтеріңкі көңіл-күйде ұйымдастырылды.
