Текст
03.04.2026
Бүгін жоспарға сай аутизм тақырыбы бойынша оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик барысында «Аутизм деген не?» және «Аутизмнің белгілері қандай?» деген сұрақтарға кеңінен түсінік беріліп, оқушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылды. Көрсетілімнің мақсаты – оқушылардың аутизм туралы білімдерін арттыру, ерекше балаларға деген түсіністік пен жанашырлық көзқарас қалыптастыру болды. Оқушылар бейнероликті қызығушылықпен тамашалап, өз ойларымен бөлісті.
