Текст
02.04.2026
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай мектебімізде жоспарға сәйкес оқушылар арасында «көк түспен жағу» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – аутизм туралы қоғамда түсінік қалыптастыру, ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету және оқушылардың мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дамыту болды. Акция барысында оқушылар көк түсті киім киюдің орнына, қолдан көк жүрекшелер жасап, оларды жылы әрі жағымды сөздермен толтырды. Бұл арқылы оқушылар бір-біріне қолдау білдіріп, ізгі ниеттерін жеткізді. Іс-шараға 6–9 сынып аралығындағы оқушылар белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
