"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Рамадан ауылының негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная школа села Рамадан отдела образования Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"шебер қолдар шабыты"қолөнер

21.03.2026

Бүгін жоспарға сәйкес, Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде оқушылардың қатысуымен ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өз қолдарынан түрлі бұйымдар жасап, қазақы қолөнердің әсем үлгілерін көпшілікке көрсетті.
Атап айтқанда, оқушылар ағаштан ойып бұйымдар жасап, әртүрлі ою-өрнектермен безендірді. Сонымен қатар, кесте тігу өнерін де паш етіп, әсем бұйымдар дайындады. Шығармашылық қабілеттерін танытқан оқушылар пластмасса бөтелкелерден де әдемі шайнектер жасап, оларды көрмеге ұсынды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының қолөнерін насихаттау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты.

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст