Текст
06.03.2026
Бүгін мектебімізде 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – аналарға, әжелерге және ұстаздарға деген құрметті арттыру, оқушылардың сыйластық пен ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру, әйел азаматтардың қоғамдағы рөлін дәріптеу. Мерекелік кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, тақпақтар айтып, аналар мен ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді. Кеш өте әсерлі әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
