Текст
04.03.2026
Бүгін мектебімізде туберкулездің алдын алу айлығы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері оқушыларға туберкулез ауруының таралу жолдары, белгілері және оның алдын алу шаралары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар туберкулездің алдын алу жөнінде мазмұнды суреттер салды. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, денсаулықтың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
