13.02.2026
Бүгін мектебімізде «Қыздардың қоғамдағы орны» тақырыбында қыздар арасында мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар қыз баланың қоғамдағы рөлі, тәрбиесі, білім алуы, өзін-өзі ұстауы мен болашаққа деген жауапкершілігі туралы өз ойларын ортаға салды. Қыздар бір-бірінің пікірін тыңдап, өзара сыйластық пен мәдениеттілік таныта отырып, еркін ой бөлісті.
Пікір алмасу барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, қыз баланың инабаттылығы мен парасаттылығы, қазіргі қоғамдағы белсенділігі жайлы маңызды тұстар айтылды. Мұндай кездесулер қыздардың ой-өрісін кеңейтіп, өз көзқарасын ашық жеткізе білуіне, тұлғалық дамуына оң әсер ететіні атап өтілді.
Іс-шара өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын сенімді жеткізе білді.
