Текст
09.02.2026
Бүгін Ақкөл ауданында мектептер арасында «Зияткер тарихшы» атты аудандық олимпиада өтті. Аталған білім бәйгесінің негізгі мақсаты – оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін шыңдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Олимпиада барысында қатысушылар тарихи оқиғалар мен деректерге байланысты түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдерін жан-жақты көрсетті. Сайыс тартысты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға мектебімізден барлық тарих пәні мұғалімдері қатысып, оқушыларға қолдау білдірді. Олимпиада білімді жастарды анықтап, олардың болашақтағы жетістіктеріне жол ашатын маңызды қадам болды.
