"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Рамадан ауылының негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная школа села Рамадан отдела образования Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қауіпсіз интернет"

09.02.2026

Бүгін, 9 ақпан күні мектебімізде 3–9 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» атты тәрбие жұмысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ғаламторды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндіру, жеке мәліметтерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану туралы кеңінен ақпарат беру болды. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға әлеуметтік желілерді дұрыс қолдану, бөгде адамдармен байланыс орнатуда сақ болу, күмәнді сілтемелер мен сайттарға кірмеу, жеке құпия сөздерді ешкімге бермеу керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, интернет мәдениеті, онлайн қарым-қатынас әдебі және цифрлық қауіпсіздік ережелері жайында мысалдар келтіріліп, пайдалы кеңестер айтылды.

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст