Текст
02.11.2025
2025 жылдың 29 қазан күні өткен «Iqanat» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды іс-шара болды. Олимпиада ауылдық елді мекендердегі дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың жоғары білімге қолжетімділігін арттыру мақсатында өткізілді.Сайыс барысында оқушылар математика, логика және жаратылыстану бағыттары бойынша білімдерін сынға салды. Біздің мектептен 8-сынып оқушылары Нысанбай Ә. және Мырзахан І. қатысып, белсенділік танытты. Олимпиада оқушылардың білімге деген ынтасын оятып, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.
