Текст
25.10.2025
Бүгін 24.10.2025 жылы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ауылымыздың учаскісі Манарбек Ермекұлы "Демалыс кезіндегі балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігі және жұқа қатқақ мұздардан абай болу" тақырыбында ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ата-аналарға балалардың демалыс кезінде қауіпсіздігін сақтау, жолда жүру ережелерін қатаң қадағалау және мұз үстінде ойнауға тыйым салу туралы кеңес берілді.Сондай-ақ балаларға мұздың жұқа болатыны, оның астына түсіп кету қаупі бар екені түсіндірілді.Ата-аналарға балаларын үнемі қадағалап, қауіпсіздік ережелерін жиі ескертіп отырудың маңызы баса айтылды.
