Текст
" />
05.06.2025
05.06.2025ж география пәнінен мемлекеттік емтихан.
Бүгін, 05.06.2025жылы 9сынып оқушылары география пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды.
Қазақстан мен әлемнің географиясын меңгеріп, біліміңді дәлелдейтін сәт келді. Оқушыларымызға келесі емтиханға сәттілік!
05.06.2025
2025жылдың 05маусым күні.
2025жылдың 05маусым күні жазғы мектеп алаңында балаларымыз белсенді ойындар ойнап, суреттер салып, қызықты ойындарға қатысты. Көңілді күн, ұмытылмас сәттер!
04.06.2025
"Сұңқар" жазғы лагері.
2025жылдың 04маусым күні, бүгін- мектебіміздің "Сұңқар" жазғы лагеріне оқушымыз Мырзахан Іңкәр жол тартты. Балалар үшін шаттыққа, достыққа, танымға толы күндер басталды.
Іңкәрға қызықты сәттер, жаңа достар және жарқын естеліктер тілейміз
04.06.2025
2025ж. 04.06. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.
Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Ту, Елтаңба, Әнұран -Тәуелсіздігіміздің айшықты белгілері. Отанымызды мақтан тұтайық, рәміздерімізді құрметтейік!
04.06.2025
03.06.2025ж спорт күні.
2025жылдың 03маусым күнін спорт күнімен атап өттік. Спорт күніне орай жарыстар өтті. Оқушылар белсенділік танытып, командалық рухты көрсетті.
Спорт - тек дене тәрбиесі емес, ол - тәрбие мен бірлік.
03.06.2025
Қазақ тілі емтиханы.
2025жылдың 02маусымда сағат 10:00де 9сынып оқушылары қазақ тілінен мемлекеттік емтихан тапсырды.
Мемлекеттік емтиханды қазақ тілінен сәтті тапсырып шықты. Білім мен еңбек біріккен жерде -нәтиже міндетті! Келесі сынақтарға сәттілік тілейміз.
02.06.2025
"Айгөлек" мектеп алаңының ашылу салтанаты.
"Айгөлек" мектеп алаңының ашылу салтанаты!
Көңілді жаздың алғашқы күндері керемет басталды. Бүгін мектебімізде балалардың асыға күткен жазғы мектеп алаңының ашылу салтанаты өтті.
Қуанышқа толы сәттер, әндер, би, жарқын күлкі -бәрі-бәрі балалардың есінде...
02.06.2025
Шақыру хаты.
Құрметті ата-аналар мен балалар!
Сіздерді 2025жылдың 02маусым күні, сағат 10:00де мектебіміздің жазғы демалыс алаңына арналған ашылу салтанатына шақырамыз.
Сізді қызықты ойындар, көңілді бағдарлама және ұмытылмас сәттер күтеді.
29.05.2025
9сынып оқушылары алгебра пәнінен емтихан тапсыруда.
Мектебіміздің 9сынып оқушылары алгебра пәнінен емтихан тапсыруда.
Бүгін -білім сыналатын маңызды күн. Барша оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
29.05.2025
"Айгөлек" жазғы мектеп алаңы.